Ақын ауылында

Бұл бетте «Ақын ауылында» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1207
Жалынды жыр алыбы Жансүгіров,
Жолыңды қуған жанның жан сырын ұқ.
Алыстан аңсап келдім ауылыңа,
Күншуақ көңілімді қамшы қылып.
Алдымнан әдемі бір ән шұбырып,
Әсерлі асқақ әуен сан құбылып,
Әуелден әнге құмар сері қауым
Жіберді өзімді де әнші қылып.
Жастары жарқын жүзді жиылғанда,
Тамаша таң ұзаққа тыйылған ба?
Табанда жүрегімді тіліп өтті,
Қадалып қаламқастар қиылғанда.
Сабадан сары қымыз құйылғанда,
Тамсанып тата бердім – бұйырған да.
Айналдым аруағыңнан, ақын аға,
Алмаған ауылыңнан сыйым бар ма?
Мен қалай ерлеріңмен жолықпайын?
Мен қалай өнеріңді мол ұқпайын?
Даланы дүбірлетіп Құлагерің,
Қарсы алды қобызымен Молықбайың.
Шабыттың шалқарына шомып дәйім,
Тыңдадым тас түйін боп тобықтайын.
Керемет күйлеріңмен қанаттансам,
Қалайша қалжырайын, солықтайын?
Мұндайда ақын, сірә төзеді ме?
Қиялмен кең әлемді кезеді де.
Аралап кете бердім ауылыңды,
От түсіп өлеңіңнен өзегіме.
Қол артып Қаратаудың кезеңіне,
Ақсудың арқа жудым өзеніне.
Ағайын арасында аунап-қунап,
Келгендей болдым дарқан өз еліме.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын ауылында өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақын ауылында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын ауылында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын ауылында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері