Сара туралы ән – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сара туралы ән» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3032
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Озық туған өзгеден затың дара,
Жетісудың бұлбұлы ең атың Сара.
Он үшінде ән салып, топқа түсіп,
Байтақ елге атандың ақын Сара.

Қайырмасы:
Атың Сара,
Туған дара.
Қыз едің
Көңілің нала.
Дүние жалған,
Өтеді арман.
Артыңда
Әнің қалған.

Ақылына керкі сай қыз деп келіп,
Талай ақын айтысқан іздеп келіп.
Тәнті болған Біржан да өнеріңе,
Құйылғаңда сөздерің тізбектеліп.

Қайырмасы:

Өмір-өзен бәрін де алмастырар,
Сөздеріңе сиқырлы қанбас құмар.
Туа берсін өзіндей сіңлілерің
Өнердегі жолынды жалғастырар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сара туралы ән өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сара туралы ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сара туралы ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сара туралы ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері