Гүл жүрек

Бұл бетте «Гүл жүрек» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1030
Мені де демейтін жандар бар екен,
Рухани жанның мұңы – зор екен!
Мына – ойсыздау дүниеде
Адамға керегі – ар екен!

Мағынасыз күлкілер қаптаған,
Мағынға ұмтылып, шоқ болам!
Қақпандай, тұсауын құратын
Дүниенің керегі жоқ маған!!!

Тыңдасам, дауысы- зар, неткен,
Жуайын, аппақ қар боп, мен!
Қыстың ішінде жүрсем де,
Жырларым – өр көктем!!!

Толқыным тасыйды, түнді жеп,
Жүремін, жынды боп!
Ұлы таңның алдында уды жұтып,
Алаулап, ашылды, гүл-жүрек!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл жүрек өлеңінің авторы кім?

Гүлнәр Шәмшиева — осы өлеңнің авторы.

Гүл жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлнәр Шәмшиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүл жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері