Алматыға қар жауып тұр ақпанда – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Алматыға қар жауып тұр ақпанда» атты Қасымхан Бегманов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1661
Алматыға қар жауып тұр ақпанда,
Жаңа ғана атқан мынау ақ таңда.
Алатауға қарап тұрдым балконнан,
Аппақ дүние сыр жасырып жатқанда.
Бала кезгі аппақ сезім, қайда арман,
Қарап тұрмын арыла алмай ойлардан.
Ақша қарлар жауып жатыр дөңгелеп,
Бишілердей шыр көбелек айналған.
Бар жақсылық келетіндей ақ таңмен,
Күнің кеше сәл мұңайып батқанмен.
Бақыты оның қара жерге жеткенше,
Шыр айналып билеп бара жатқанмен.
Соңғы күні, соңғы түні ақпанның,
Осындай бір көңіл күйді тапқанмын.
Ешкім сезбес ешқашанда, оянды ау,
Көңілімде қалғып бара жатқан мұң.
Қасарысқан кеткен кеше қаңтарың,
Ертең келер наурызға үміт артамын.
Ақша қарда, аппақ жолға түсіп ап,
Қызығы көп көктем жаққа тартамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыға қар жауып тұр ақпанда өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Алматыға қар жауып тұр ақпанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыға қар жауып тұр ақпанда өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алматыға қар жауып тұр ақпанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері