Есіл жылдар – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Есіл жылдар» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 591
Өткеннiң алуан түрлi сұрақтарын,
Жасырдың неге менен қыраттарым.
Өкпелеп қалған қыздай үнсiз ақты-ау,
Сыбырлап сыр айтатын бұлақтарым.
Жолымды кесiп өттiң неге менiң,
Жырымды ақ жаңбырдай төгер едiм.
Тiзiлген тырналарды қимай жатты-ау,
Сырларын iшке бүккен төбелерiм.
Кеткенмiн сағынған соң шыңды дара,
Төбемде жарқыраған күндi қара.
Түсiме жиi енедi соңғы кезде,
Баяғы анам жатқан мұңды мола.
Ана бұлт жаумай өткен несiн бұлдар,
Түбiнде ұлы жырдың көшiн тыңдар.
Ессiз күннен бiр белгi қалдырмастан,
Ес жиғызбай барады- ау есiл жылдар


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері