Сендер аман болыңдар асылдарым – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Сендер аман болыңдар асылдарым» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3616
Сен биікте жүрсін деп төмендегем.
Мұқағали

Сендер аман болыңдар асылдарым,
Бір мұң барын кеудемде жасырмадым.
Қарап әбден үйренген биіктерден,
Шыңдар іздеп табыңдар сүйікті елден.
Айтқанменен жанымда нала барын,
Рас кейде сүйеуге жарамадым.
Ғашық болып өртенгем, сүйіп көргем,
Өздеріңді көргім кеп биіктерден.
Күткен, күткен бір үміт менен де елім,
Қазақ биік болсын деп төмендедім.
Бақытыңды іздедім жер бетінен,
Жаңа туған сәбидің келбетінен.
Сездірместен жолымды талай бердім,
Бозбалаға үңіліп қарай бердім.
Жүзінен бір шуақты арай көрдім,
Бойжеткенге үңіліп қарай бердім.
Аман-есен білмеймін қалай келдім,
Үміт күтіп жастарға қарай бердім.
Шыдап кейде шеккенмен азаптарын,
Бір бақытқа жетсін деп қазақтарым.
Бәйге бермей шабатын өрге кілең,
Төсеттіріп жолына төрге кілем.
Бесік болып үйіңде тербетілем,
Бақыт тапсын бар қазақ жер бетінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сендер аман болыңдар асылдарым өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Сендер аман болыңдар асылдарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сендер аман болыңдар асылдарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сендер аман болыңдар асылдарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері