Жебемеген жетiм менен жесiрдi – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жебемеген жетiм менен жесiрдi» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1446
Жебемеген жетiм менен жесiрдi,
Өлеңшiлер аяспасқа бекiндi.
Жүрiп өткен иiр-қиыр жолдарым,
Менiң нәзiк ғұмырнамам секiлдi.
Жанына ерiп арманы асқақ жандардың,
Гаванада теңiз мұңын аңғардым.
Үрiмшiде үр қызына ғашық боп,
Стамбұлдың көшесiнде сандалдым.
Мұңдарымды түсiн гүлiм, кеш гүлiм,
Жазықсыздан жаман сөздер естiдiм.
Қара жолда жалғыз келе жатып мен,
Сенi есiме ап, елдi есiме ап өксiдiм.
Жылдар мынау үнсiз-тiлсiз жылысқан,
Мектепте мен құтылмадым бұрыштан.
«Ең болмаса дән септiрiп, жүн жинар,
Бригадир болмадың», – деп ұрысқан.
Қайран әкем, зiлсiз ғана зекiген,
Кеше сенi өкпелетiп кетiп ем.
Қара өлеңдей қадiрлi дос таппадым,
Бәрi жалған... бәрi өткiншi, өкiнем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жебемеген жетiм менен жесiрдi өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Жебемеген жетiм менен жесiрдi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жебемеген жетiм менен жесiрдi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жебемеген жетiм менен жесiрдi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері