Алматыға келді тағы, гүл көктем – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Алматыға келді тағы, гүл көктем» атты Қасымхан Бегманов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1856
Алматыға келді тағы, гүл көктем,
Гүл көктемдер сағындырып жүр көптен.
Еске түсті бозбала кез алаңсыз,
Баяғыда қыздарменен бір кеткен.
Алматыға тағы келді гүл көктем,
Қызғалдақтар сағындырып жүр көптен.
Қызық күндер қайта оралмас түсті еске,
Біздің жастық шағымызбен бір кеткен.
Иектемей аулақ менен қалшы мұң,
Қалмай қойдың тазысындай аңшының.
Ағыл-тегіл аспан жақтан нұр жауып,
Мұңлы жаңбыр айтты маған бар сырын.
Келді, келді, келді міне, гүл көктем,
Гүл көктемдер тебірентіп жүр көптен.
Құлазимын жалғыз үйдей түздегі,
Барлық қызық жастық шақпен бір кеткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыға келді тағы, гүл көктем өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Алматыға келді тағы, гүл көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыға келді тағы, гүл көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алматыға келді тағы, гүл көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері