Көңіл дауылы

Бұл бетте «Көңіл дауылы» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.09.2021
  • 0
  • 0
  • 743
Қарап тұр ем бір күні белге шығып,
Қаңбақтарды барады жел көшіріп.
Жел айдаған қаңбақтай кім көшпейді
Әурелесе аз күнгі пендешілік?
Мына желдің сұсты еді сұрқы қандай,
Жағаңнан ап табанда жұлқылардай.
Аспан астын жел керіп бара жатыр,
Сәлден кейін дар етіп жыртылардай.
Сілкілейді тоғайдың шаңын қағып,
Бұғып отыр құс біткен жанын бағып.
Құйын билеп үстінде қара жолдың,
Желкілдейді бурадай сан ырғалып.
Екіленіп, еліріп, барады үдеп,
Шыға келді бір сәтте дала жүдеп.
Міз бақпайды меңіреу жартас қана,
Бетке соққан дауылдан хабары жоқ.
Үйіреді бұлттарды орамалдай,
Зытты бәрі артына орала алмай.
Алабұртқан аспаның айығар ма
Анда-санда осылай борап алмай?

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл дауылы өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Көңіл дауылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл дауылы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл дауылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері