Махаббатсыз, сезімсіз көңіл жетім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Махаббатсыз, сезімсіз көңіл жетім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 12038
Махаббатсыз, сезімсіз көңіл жетім,
мұндай күйде түсің де, өңің де – түн.
Жомарт жастық жылыстап, жас ұлғайса,
жалғыздығың сезілер со күнде тым.
Бала өсірдің – тірлікке ектің егін,
жұттың талай өмірдің дертті демін.
Сен көрмеген мейірім, жақсылықты
балам бойға сіңірсе деп тіледің.
Қорғаладың шырылдап құм-дауылдан,
(сол бір сезім сені де нұрға жуған!),
Қалдырды аман сәбиге махаббатың
өзіңді азу, тұралау, жынданудан.
Сол балғының жаныңа қорек дер ем,
өз алдына ел болды, бөгет те кем;
өз өкімет, өз соты бүгіндері
мәселелер шешеді бөлек сенен.
Көз қуантып табады жас та теңін,
енді сенде бар достар, ақша, сенім.
Бірақ өзің жыл сайын ұғынасың.
серіктестің орыны басқа екенін.
Жас шағында адамның сенері көп,
талай жарға соқтырар кеме-жүрек.
Арман ұзап, асылы, қартайғанда
ұғысар жан жаныңа керегірек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббатсыз, сезімсіз көңіл жетім өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Махаббатсыз, сезімсіз көңіл жетім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббатсыз, сезімсіз көңіл жетім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махаббатсыз, сезімсіз көңіл жетім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері