Ән-шашу – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ән-шашу» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2964
Домбырамды алайын,
Қанат қағайын!
Шырқап әнге салайын,
Тыңда, ағайын!
Тілегімді қосайын,
Сырымды ашайын!
Ортаңа той жасайын,
Шашу шашайын!

Қайырмасы:
Қалған бізге мәңгіге – бабадан мұра,
Қасиетті осынау қара домбыра!
Әнім биік самғасын,
Үнім талмасын!
Дәстүрімді келешек
Ұрпақ жалғасын!

Жүректерге жол салған,
Қалды қанша арман!
Әуелетіп ән салған,
Елім тамсанған!
Берік болып салтыма,
Түстім талқыға.
Бақ жұлдызым жарқыра,
Туған халқыма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән-шашу өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ән-шашу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән-шашу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән-шашу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері