Адамның біліміне ақыл серік – Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бұл бетте «Адамның біліміне ақыл серік» атты Ақан Сері Қорамсаұлы‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 2
  • 18112
Адамның біліміне ақыл серік,
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік.
Дегенге аяқ басшы, ой жетекші,
Рақат таппақ адамзат көзбен көріп.
Жақсы менен жаманды сезбек үшін
Біздерге қойған жоқ па мұрын беріп.
Жаман, жақсы әр сөзді естіген соң
Бәрі - дағы тұрады құлаққа еніп.
Тірлікте тырбанып қал сайран етіп,
Ажал келмей тұрғанда шауып жетіп.
Құрметсіз зайыбыңмен өмір сүрсең,
Қотыр бұзау секілді өліп қалдың өліп.
Тұрмыста тірі күнде бол себепкер,
Отырма құр үйіңде бойға сеніп.
Талап қыл, азды - көпті жұмсай ойды,
Әр істің ақырын ақырын ойла, көңіл бөліп.


Пікірлер (2)

РАХАТ

РАХМЕТ

назерке

Рахмет
кенесым барын окындар
адамга ен алдымен былым керек

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамның біліміне ақыл серік өлеңінің авторы кім?

Ақан Сері Қорамсаұлы‎ — осы өлеңнің авторы.

Адамның біліміне ақыл серік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамның біліміне ақыл серік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақан Сері Қорамсаұлы‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамның біліміне ақыл серік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері