Күз көрінісі

Бұл бетте «Күз көрінісі» атты Тайыр Жароков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1138
Көтерілсе аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп,
Жерге інжу шашқандай —
Күміс моншақ шық түсіп,
Тау басына,
бусанып
Бозғыл тұман оралып,
Тентек толқын шу салып,
Өзені мың бұралып,
Мәуе пісіп балбырап
Маужыраған қоңыр күз,
Алма пісіп балбырап,
Көзді тартқан,— көріңіз!
Жерде жазғы жайқалған
Орып болып егінін.
Көз жіберсең байқалған
Көңілдірек ел бүгін.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз көрінісі өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Күз көрінісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз көрінісі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз көрінісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері