Дауылпаз

Бұл бетте «Дауылпаз» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 826
(Горький творчествосының 40 жылдығына)

Ой құйыны үйіріліп,
Көк алмастай суырылып,
Қаламы қылыш жарқылдап
Сұңқардай даусы саңқылдап.
Жерді соғып, бұлтты ұрған,
Көк жарған даусын ұқтырған,
Горький емей кім еді?..
Сындыра сағын жауының,
Өтіп өмір дауылын,
Жауға түйреп қаламын,
Басып алға қадамын,
Самғаған ол дауылпаз,
Көре қалған Ленинді.
Дұшпандарын бұқтырған,
Жұмысшыға ұқтырған,
Сезінің сұлу кестесін,
Бұлбұл ақын тіліңді
Сайраған сол күніңді
Жер жүзіне пәш болған
Ұмытпаймыз жырыңды.
Ұмытпаймыз, естесің!

1932


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауылпаз өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Дауылпаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауылпаз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауылпаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері