Қысқы селенде – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қысқы селенде» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 771
Қыс өтіп, жаз туғанша,
Іс тыныстап тыңдағы,
Десеңші, бір, той қанша
Болады елде мұндағы?
Тың жерде көп тізілген,
Бір селеннен, бір селен,
Жігіт сөйлеп, қыз күлген,
Отырса да жүрсе елең...
— Жазы-қысы бұл жерде
Орындалған жас арман,
Бір жерде той, бір жерде
Шілдехана жасалған...
Молдаванның қызына
Дон жігіті үйленіп,
Сырнай сазы сызыла,
Би де кетті биленіп...
Алды-артына қаранып,
Ауыл мен қыр ойдағы,
Ақ ұлпа қарға оранып,
Жатыр тыңның аймағы.
Көктем келіп, жаз туса,
Көктеп жерде інжу дән,
Көлге жүзіп қаз тұрса,
Көкке шырқар ызғып ән.
Керенау көктен қар сауып,
Кербез Көкше құз биік,
Күнді Оқжетпес қарсы алып,
Керілді көл, мұз киіп...
Жатыр Көкше шың тауы,
Бүркіт ұшқан көк шеңгел,
Жырдың қызыл сұңқары,
Сәкен сүйген сексенкөл!

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы селенде өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қысқы селенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы селенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы селенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері