Жалатқандай күміспен

Бұл бетте «Жалатқандай күміспен» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 807
Дала ақша қар бүліспен,
Жалатқандай күміспен
Жерімнің
Бауырында ай жүзіп,
Ақ жібек тақ белдеуі,
Шапағын
Шашты күміс шұғыла;
Шұғыладай шұғыл жұмыла
Қатарын
Ерлер қаулатты,
Өндіріс күшін заулатты,
Жырламай қалай
Жатамын?
Тұлпарды болат секіртіп,
Миллион күшін жетілтіп
Таңында
Алтынды айдай қалқытып,
Болатты балдай балқытып
Жалынға,
Шалқыған жалынды алуан
Балқытқан болат балуан
Ақ жібек таңның
Жазында.
Осы алуан жырларын,
Еңбегінің сырларын
Нотамен
Музыкаға жырлатам,
Жер жүзіне тыңдатам
Қалпымен;
Неге десең, ұланым,
Байланысты бұл әнім
Нұрлы Октябрь
Атымен.
Колхоздағы қара көз,
Әніме, әнің қосшы тез,
Сұлуым;
Жайлай жүріп малыңды,
Салған естіп әніңді
Бауырың
— Балқысын, аяз етіңді,
Алмадай қып бетіңді,
Сүйсе де артсын
Жылуың!..
Шырқатылған өлеңнің,
Ширатылған денеңнің
Отымен
Қызсын еңбек майданы;
Соны сүйген мендағы
Ақын ем;
Бұл әнді ыстық сүй, жаным,
Неге десең бұл әнім
Нұрлы Октябрь
Атымен.
Дала ақша қар бүліспен,
Жалатқандай күміспен
Жерімнің
Бауырында ай жүзіп,
Сауырында күн қызып
Дөңімнің,
Құланиек қиядан
Таңына атқан қуанам,
Нұрына туған
Елімнің.

1935


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалатқандай күміспен өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жалатқандай күміспен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалатқандай күміспен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалатқандай күміспен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері