Белгісіздік – Есбол Бозан Өтежанұлы

Бұл бетте «Белгісіздік» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Болашақ расымен белгісіз,
Оны ойлап, көңіліме келді сыз.

Қасиеттен жұрдай болып адамдық,
Молаға кірпіш болып қаландық.

Өлеңді мен жазбаспын ерігіп,
Болашаққа жетелейді мені үміт.

Өмірімнің жоғалғандай мәнісі,
Азынайды минут сайын тән іші.

Оның емі бәлкім болар иманда,
Мәз болыппын дүниені жиғанға.

Тақуа бол, ібіліске әл бермей,
Еліктеме ақымаққа дәл мендей.

Келешек шынымен беймәлім,
Оны ойлап, таусылады кейде әлім.

Ойлағанда түбі келер ажалды,
Аударамын басқа жаққа назарды.

Өтеді әр секундым уайыммен,
Өлімге болмағасын дайын мен.

Сәт туар ма, біз жақтан да күн атар?
Жалғыз үміт тас көңілді жұбатар.

Алданып экранға сенсорлы,
Адастым бағытымнан мен сорлы.

Түк емес қасіреттің толғаны,
Иманымнан айырылмасам болғаны.

10.08.2025
Есбол БОЗАН


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Белгісіздік өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Белгісіздік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Белгісіздік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Белгісіздік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері