Бұл бетте «Асыл анам» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған ана туралы өлең берілген.
Сені алғаш кезіктіргем күзде мен, Тынысыңа еруші еді мұз денем. Сендік көңіл қаласа да өзгені, Мен әлі үмітімді үзбегем.
Сені ойлаумен өтіп жатыр әрбір кеш. Саған деген сезімімді жан білмес. Гөзелім, сен жүрші тек шаттанып, Аңсап қайтем махаббатты мәңгі өлмес.
Айыбымның ешбірін ұмытпадым, Соны ойлап отырмын құрып халім. Жүрмегесін мән-жайдың ұғып мәнін, Лайладым талай көңіл тұнықтарын.
Не жазамын, Не жазамын, Не жазамын? Жазудың тартып келем мен азабын.
Саған арнап мен бүгін жазайын жыр, Сені көрсем болады маңайым гүл. Бос қалған жүрегімді жаулап ал да, Сол жүрекке бір өзің қожайын бол.
Болашақты ойласам, қамығамын, Өткен күнді толғасам, сағынамын. Жалғыз ғана Алладан пана тілеп, Жалғыз ғана Аллаға табынамын.
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі