Ерір

Бұл бетте «Ерір» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жаныма мұз дәуірі орнады,
Басыма бақыт құсы қонбады.
Айналдым тұтқынына түнектің,
Жүрек бүгін қасіретін толғады.

Ақының жыр жазады түңіліп,
Зынданда терезеге үңіліп.
Жанымның жадыраңқы сәттері,
Кетті ғой көз алдымда бүлініп.

Алдыртып қу тәнімді ызғарға,
Жылдарым өтіп жатыр зынданда.
Алайда жүрегімде үміт бар,
Сол үміт жетелейді бізді алға.

Аяз салды қабырғаға өрнегін,
Бір жұтым жылы суға шөлдедім.
Өз бойымнан жылылықты көрмедім,
Қасіретім, мехнатым – ол менің!

Төңірек суық түске боянып,
Шырағым сөнуге тұр таянып.
Жанымның ерір бәлкім мұздары,
Жаршысы жақсылықтың оянып!

Маусым. 2022 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерір өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Ерір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері