Миллиондармен біргемін – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Миллиондармен біргемін» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 754
Өмір менен өлімнің
Қойса екеуін алға нақ:
Бір секундын өмірдің
Сүймес пе адам мың қабат!
Бейбіт өмір — күнмен тең,
Соғыс — бір қара түнмен тең.
Жоқ,
Соғыс еш болмайды!
Болдырмаймыз қан топан!
Таң нұрымен жайнайды
Қызыл тулы Ұлы Отан.
Бейбітшілік жақтаған
Әлем алға аттаған.
Тағы атом бомбасын
Америка бұрқантып,
Деп қара бұлт торласын
Қан тілеп тұр жер тарпып.
Қан шомылсын жер үсті —
Деп, аңсар кім соғысты?!
Кешегі қанды майданда
Қирап қала, сан үйлер,
Әкесі қаза болғанда,
Жетім қалған сәбилер...
Кім тілер енді ондайды,
Тілемейд, соғыс болмайды!
Жауған қанды оқ деген,—
Мереке, я, емес той!
Оқ ызыңы — Бетховен
Симфониясы емес қой!
Кімге ұнайды оқ даусы
Сүймейді оқты ел даусы.
Біз күшімен атомның
Жүргіземіз поезды,
Мүддесіне халықтың
Шалқытамыз теңізді!
Самғатамыз самолет,
Көкке ұшамыз әуелеп.
Атомды соғыс әлемде
Болмасын деп қан майдан,
Бір ауыздан бар елде
Миллиондар қол қойған.
Миллиондар қол қойған —
Миллиард жанға салған жол!
Толқынына зор теңіз
Тамшы болып құямын.
Миллиондармен біргеміз,
Қолымды мен де қоямын.
Мен —
Миллиондар бірімін,
Миллиондармен бір үнім!

1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Миллиондармен біргемін өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Миллиондармен біргемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Миллиондармен біргемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Миллиондармен біргемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері