Дутар мен домбыра

Бұл бетте «Дутар мен домбыра» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 988
Өзбекстанға

Өзге емес, өз елімсің
Өзбекстан,
Көрнекті көрінесің көзге
алыстан!—
Жанарың жарқ еткенде жанға жақын,
Жырымыз жетті сізге мегзеп ұшқан.
Халқымның құс қанатты ақындары
Ұшырып жырын сізге жарқылдады,
Отымен жүрегінің қалам тербеп,
Қай ақын егіз елге шарқ ұрмады?!
Біз елден, бізден ләззат табады ел де,
Егіз ел өсіп сондай барады өрге,
Сүтіндей егіз ұлдың анасының
Айдынды Сырдария ағады елге.
Шыршықпен толқын атқан
Бұқтарманың
Ел жанған шам-шырақтай ұқты арманын,
Мақтаарал ақ мақтаның шашса гүлін,
Алтынның қазақ қыры төкті әр дәнін.
Мақтаса Ғафур Ғұлям
палауларын,
Жырласа жүзімі мен анарларын,
Көріңіз, Ғафур әкә!—
Сәбит ағай
Інжу дән тікті тыңда
жалауларын!
Сүйеміз алманы да, анарды біз,
Толтырды шырын балға қанарды күз,
Бір бақта өскен алма, анардайын
Қадаймыз алға қарай жанарды біз,
Дутармен шегі жалғас домбыраның,
Күйіне қосса қазақ қоңыр әнін,
Сол әнге өзбек қызы кетсе билеп,
Кеудеге көк кептерді қондырамын!
Па, шіркін, жігіт қазақ саусақтары
Күй шертсе домбырадан әр сақтағы,
Жүзген бір айдын көлге аққудайын,
Қыз биін сүйер жұрттың сусап бәрі.
Аққудың баласындай мойындарын.
Толғап бір дірілдетіп, бой ырғағын
Толқытып тоқсан бұрап қыпша белін,
Үйірілсе, үйірілтеді ойынды ағын.
Сондай-ақ мың толғанып өлең, шіркін,
Жұлқынып жүрегімнен дүркін-дүркін,
Ташкентке тәтті жырын келді шырқап,
Қабыл ал, құшағыңды аш, еркін жұртым
Арайлап атса көктен тамаша таң,
Жалма-жан киіп топы, ала шапан.
Бақшаға өзбек әкә су ағызса,
Ән салған қырда қазақ бала шопан,
Әңгіме не шапанда, не шопанда
Емес қой, өрлеп халық тұр қатарда,
Самғатып мешеу қалған елімізді
Өрбіткен кілті халық ұлы Отанда!
Қанаттас жатыр байтақ қонымсыз,
Ұсынған ортақ достық қол ұшымыз,
Сүйікті ер жеткізген елімізге
Бергеннен — берешек көп борышымыз!
Алда да ұлы Отанның шырқап бағы,
Самғап бір егіз елдің ұрпақтары, —
Кім кепіл, космосқа да бірге ұшпасқа
Жеңісін тойлатуға ортақ тағы!

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дутар мен домбыра өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Дутар мен домбыра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дутар мен домбыра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дутар мен домбыра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері