Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың,
Хақ деген пендең болса тастамайсың,
Су құйса төгілмейтін боз жорғаның
Аяғын аңдаусызда қақпағайсың.
Құдая, жаманыңмен теңді қылма,
Құрбымнан өзім теңді кемді қылма.
Жаратқан барша жанды, пəруардігер,
Өзімдей пенделерге пенде қылма.
Ойнағы жын перінің Қап тауында,
Пенденің ойын, күлкі ден сауында.
Ер адам мақсатына жетпей қоймас,
Тілеуін алып өткен перғауын да.
Сөйлеп қал, қызыл тілім, жақ барында,
Кеудеде – ақыл, маңдайда – бақ барында.
Мың сайтан, жүз пəлекет қамаса да,
Бір тəңрі қағып шығар сақтарында.
Дария – сия болса, қамыс – қалам,
Жер жүзі қағаз болса рахаттанам.
Мұсылман қасіретімді шығара алмас,
Жиылып жатса-дағы перзент табам.
Аянбай мен түсейін намысыма,
Қырымнан көз сала бер шабысыма.
Жүлде алып келе берген жүйрігіңді,
Қоса бер, аш, тоқ демей шабысына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері