Көзім жеткен көргенде-ақ оңбасыңа – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Көзім жеткен көргенде-ақ оңбасыңа» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2120
Көзім жеткен көргенде-ақ оңбасыңа,
Шын даңқтың басыңа қонбасына.
Даңқ деген — мақала,
Баяндама
Емес, жолдас,
Жаздырар жолдасыңа.
Бұлай ойнау қауіпті халықпенен.
Бір пәлені аңғарып қалыпты өлең.
Жинап алып туысқан,
Туғанынды
Қол соқтыру емес қой даңқ деген.
Қадірлейді сөздің де жұрт қысқасын.
Абыройды азамат мықты ұстасын!
Даңқ деген — керемет аударма да
Емес дер ем...
Біледі ел түпнұсқасын!
Болайын да орысша,
Қазақшаңа!
Сияқтысың сырғыған ғажап шана.
Данқ деген — гүл емес, қыз бергенмен,
Алған болсаң оны да... өз ақшаңа!
Шығам десең,
Өнерде жатыр саты.
Оны ұқпаған өлеңде өтер шатып.
Сатып алдың әйтсе де бір даңқты,
Ол да сені түбінде кетер сатып!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері