Мен сені сүйіп едім, түсінбедің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мен сені сүйіп едім, түсінбедің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4104
Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Байлықпен бағаланар кісің бе едім?
Табынған тек Тәңірге жан емес пе ем,
Не болды соншалықты кішіргенім?
Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Бейшара бейнесінде мүсіндедің.
Жаныма жайма-шуақ жаман батты,
Құнымды соншалықты түсіргенің.
Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Жұмбақты жан емес пе ем, ішімде мұң.
Қонатын тұғырыңа қонбай жүрсің,
Қол созып, болар деп ем құсым менің.
Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Бәрібір басып тұрар мысым менің.
Жалт етіп жазың өте шыққан кезде,
Не болар соншалықты ісінгенің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сені сүйіп едім, түсінбедің өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мен сені сүйіп едім, түсінбедің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сені сүйіп едім, түсінбедің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сені сүйіп едім, түсінбедің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар