Сағыныш – naziraospanova82

Бұл бетте «Сағыныш» атты naziraospanova82 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сағыныштан жан- дүниемді өртедім,
Өртедім де, ақ қағазға бүктедім.
Тағдырым-ау бұл қалайша болғаны?
Кең дүниеге мені тастап кеткенің.
Сарпылысып әр күндерім өтуде,
Жаз болса да, көңіл мұздап кетуде.
Арпалысып басқа түскен сынменен,
Екі көзге зар нөсері келуде.
Нөсерлетіп жан дүниемді жұлсам да,
Қолды сілтеп өмірімді қисам да,
Келмеске кеткен ең шуақты күндерім
Қайта келмес мына өмір-жалғанға.
Мен қайдамын , сол бір ерке күн қайда?
Сен қайдасың? Бүршік атқан гүл қайда?
Екі дүние, екі түрлі өмір ме?
Тағдыр алдап екі бөліп кетті ме.
Ауыр сынды ерте берді тағдырым,
Бұл сынағым жүректегі таңба-мұң.
Бір ай емес,бір жыл емес мәңгілік,
Нардың жүгін қос иыққа салғаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш өлеңінің авторы кім?

naziraospanova82 — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде naziraospanova82 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар