Алтын таң – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алтын таң» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1950
Әнін жазған Әліби Әбдінұр

Алтын таң арайлап атқанда,
Ұйқыдан әлем оянған.
Шуақты шапағын шашқанда,
Нұрына дала боянған,
Нұрына қала боянған.

Қайырмасы:
Менің де балапан жүрегім
Оянып алтын таңменен,
Баршаға жақсылық тіледім,
Аялап әсем әнменен.

Алтын таң – тынымсыз тіршілік,
Өзен де, көл де тербелген.
Күлімдей көгіне күн шығып,
Тәніңе қуат, дем берген,
Жаныңа шуақ, ем берген.

Қайырмасы.

Алтын таң – шаттық пен шапағат,
Көңілді көктем, гүл еткен.
Алтын таң – алғашқы махаббат,
Жүректер нәзік дір еткен,
Жүректер нәзік дір еткен.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын таң өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алтын таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері