Тәңірге сенгенімнен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тәңірге сенгенімнен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1227
Тәңірге сенгенімнен,
Өрекпіп өр көңілмен,
Өлердей ғашық болдым,
Өзіңді көрген күннен.
Жанарың мөлдіреді,
Жараттың сен біреуді.
Қарай ма сірә саған,
Ұнатса ол біреуді?
Жаныңды түсінгеннен,
Сан рет кішірген ем.
Ол үшін мүсәпір ең,
Мен үшін ісінгенмен.
Сен мені менсінбедің,
Өзіңе теңсінбедің.
Өртеді өзегімді
Өзгеден кемсінгенің.
Отыңа күйетінмін,
Бәрібір сүйетінмін.
Түбі бір түзелерін
Түсінгем ниетіңнің.
Өшпейді үміт асыл,
Сен қашан жылытасың?
Өзіңді сүймес жанды
Қай күні ұмытасың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәңірге сенгенімнен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тәңірге сенгенімнен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәңірге сенгенімнен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәңірге сенгенімнен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері