Максим Зверевке – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Максим Зверевке» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 623
(70 жасқа толуына)

Сүлеймен патшадан соң бар махлұқтың
Тілдерін түгел білген Мақсым ағай,
Деп,— «солардан жазылмас әлі жұппын!» —
Жетпістен жөнеп кетті әрі қарай.
Денесінің тіктігі — тау-текедей
Саулығында ылғал жоқ, құлан-таза.
Балаларын бағымпаз бейне әкедей,
Қарауылдап жүреді, бермей маза.
Аты —«аңның баласы» болғанымен,
Адам түгіл махлұққа мейірімді.
Тауды, орамды, даланы шолғанымен,
Білмейді қабақ шытып кейуіңді.
Натуралист адамдар нақ осылай,
Жәндіктерге жағатын қыбын тапсын!
Жетпісте де жігіттей жүр жасымай,
Хұрметті ағай — Зверев, біздің — Мақсым!

24 ноябрь, 1966 жыл. Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Максим Зверевке өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Максим Зверевке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Максим Зверевке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Максим Зверевке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері