Қаһарлы жылдар

Бұл бетте «Қаһарлы жылдар» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 910
Сұрапыл қырық бірінші
Қар жамылған жер үсті,
Естен сірә шығар ма, —
Сол қан исі жылымшы?..
Я, сол кезең қытымыр
Қанды майдан жыл еді,
Бұрқаған оқтың оты бір
Нажағай атып тұр еді.
Астананы алмаққа
Гитлер жауып аш қолын,
Толтырды оқ пен солдатқа
Волоколам тас жолын.
Қарлы боран, қанды оқ,
Үскірік жел ысқыра,
Астанаға ашты от
Зеңбіректер ышқына!
Ер ел біздің саспады,
Шықты жауын талқандай,
Кремльдің аспаны
Тұрды оқ теспес қалқандай!
Жаудың тобын көрді де,
Келе жатқан қан төгіп,
Оққа отты сөз берді де,
Шықты батыр Панфилов,—
Автоматын қолға ұстай,
Киіп келте ақ тонын,
Солдаттарға жол нұсқай,
Генерал жауға атты оғын!
Күркіреген көп танк,
Келіп қалды жалындап,
Жау танкісі оқ дарып,
Күйіп жатты лапылдап.
Жиырма сегіз ер қайтпай,
Шықты окоптан оқталып,
Жауға қарсы қас қақпай
Клочков пен Тоқтаров.
Таусылғанда оқтары
Өздері оқ боп атылды.
Танкі өртеніп тоқтады,
Жау қарасын батырды.
Партия үшін, ел үшін
Ұлы Отанның ерлері,
Сақтады ел ырысын,
Ел қайраты көрінді,
Ұрынған жау жеңілді.
Тілемейтін соғысты —
Күллі ел үні тоғысты!

1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаһарлы жылдар өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қаһарлы жылдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаһарлы жылдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаһарлы жылдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері