Айыптымын

Бұл бетте «Айыптымын» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Айыбымның ешбірін ұмытпадым,
Соны ойлап отырмын құрып халім.
Жүрмегесін мән-жайдың ұғып мәнін,
Лайладым талай көңіл тұнықтарын.

Мінезіне зәрумін байыптының,
Адалдықпен өз рухын байытты кім?
Даттасаңда мен оған лайықтымын,
Алдарыңда білемін – айыптымын!

Шығарда қатты жаптым есігіңді,
Бірақ мұны жүрегім кеш ұғынды.
Титтей саған тигізсем кесірімді,
Мен алдыңда сұраймын кешірімді.

Жауап қашан табамын сұраққа сан,
Бір жерге қанат жайып тұрақтасам.
Кінәлімін, қоғамнан жырақтасам,
Жылағанда мен сені жұбатпасам.

Суып қалған жүректі жылытпадым,
Жинамай сынған көңіл сынықтарын.
Айыбымның ешбірін ұмытпадым,
Торға апарып өзімді құрықтадым.

Айыпты боп қалай өмір сүрермін,
Өзгелерді ренжітетін кім едім?
Бір сөзіме бұзылса егер реңің,
Оғанда мен айыптымын, білемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айыптымын өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Айыптымын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айыптымын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айыптымын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері