Тілек – Есбол Бозан Өтежанұлы

Бұл бетте «Тілек» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Болашақты ойласам, қамығамын,
Өткен күнді толғасам, сағынамын.
Жалғыз ғана Алладан пана тілеп,
Жалғыз ғана Аллаға табынамын.

Уа, Жаратқан!
Жүзімді арайландыр.
Жүрегімді тазалап қарайған бір.
Халқымды бастай гөр тура жолға,
Шашылсын, төгілсін, маңайдан нұр.

Тақуаның сөзі бал, жаны маржан,
Олармен дос болу анық арман.
Жалғыз Алла патшасы əлемдердің,
Одан басқа құдайдың бəрі жалған.

Уа, Жаратқан!
Ұмтылса түнекке кім,
Қасіретім қалады үдеп менің.
Исламнан алыс болған достарымның,
Құлшылыққа аша гөр жүректерін.

Еске алсам өмірдің жиі мəнін,
Ала-ғұла ойлардан тыйыламын.
Жалғыз ғана Алладан жəрдем сұрап,
Жалғыз ғана Аллаға сыйынамын.

Уа, Жаратқан!
Парызың ғибадат дүр.
Ол адамның жанына сыйламақ гүл.
Екі дүниенің бақытын нəсіп етіп,
Отбасымды бір өзің хидаят қыл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілек өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері