Мен ертең жол жүремiн – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Мен ертең жол жүремiн» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 982
Мен ертең жол жүремiн.
Өзiңнен алыстау үшiн.
Әлдекiмге сал жүрегiм,
Сезiмiн табыстауы үшiн.
Тәуекел етуiм керек,
Өткендi ұмыту үшiн.
Әйтеуiр кетуiм керек,
Мұз жанды жылыту үшiн.
Қоштаспай зуылдармын,
Өзiндi сагынбас үшін.
Көңілiңдi суытармын,
Аңсарға салынбас үшiн.
Сен тартқан жарам бұл күн,
Ем қажет оңалту үшiн.
Адасып барам мүмкін -
Өзiмдi жоғалту үшiн.
Жоқ! Кетем! Жырақтармын.
Бәрi де бақытың үшiн.
Келмейдi жылап барғым,
Келмейдi жыр ақтарғым,
Жоғалтқан уақытым үшiн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен ертең жол жүремiн өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Мен ертең жол жүремiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен ертең жол жүремiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен ертең жол жүремiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері