Аялдамада – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Аялдамада» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1698
Көңілде ешбір әлденедей жоқ кірбің,
Аялдама астында үнсіз көп тұрдым.
Қай автобус күткенімді білмеймін,
Қай жақтарға кеп тұрғанын кеткімнің.

Бірі кетіп, бірі келіп бір жақтан,
Қолдарында әрбірінің бір заттан.
Сағат сұрай қалсаң жауап берместей,
Бәрінің де көкірегі зіл батпан.

Орыс келді мойнына асып мысығын,
Кәріс келді қойнына сап күшігін.
Аялдама мал мен жанды бөлмейді,
Қазақ келді сүйреп титтей үш ұлын.

Жолды кесіп барады бір мас бері,
Жол патрулі тоқтай қалды - аш бөрі.
Масханада қонақ етер кімі бар,
Есін жинап, мас ағайдың қашты өңі.

Такси ұстап, бір ару тұр көрікті,
Менсінбестен қайтарды ескі көлікті.
Ханзадасын күткендейін етегі,
Желп-желп етіп, күллі еркекті елітті.

Қанша тұрдым, зерттеп елді, білмеймін,
Өзіме іштей үйге қарай "жүр!" деймін.
Неше автобус өтті қысып көздерін,
Жаяу кеттім, теңгем біткен, мінбеймін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аялдамада өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Аялдамада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аялдамада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аялдамада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері