Не жазамын?

Бұл бетте «Не жазамын?» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Не жазамын,
Не жазамын,
Не жазамын?
Жазудың тартып келем мен азабын.
Жазсам ба екен бүгінгі ел ажарын,
Жазсам ба әлде өксігін жер-ананың?!

Не жазсам да сен оны бағалағын,
Қайтып сенің көңіліңді таба аламын?
Жазсам ба екен ығы-жығы қала маңын,
Жазсам ба әлде жазылмаған дала заңын?

Жазуға бала күннен машықтандым,
Поэзия еліне қашып бардым.
Жазайын жұлдызды түндердегі,
Айтылмаған сезімін ғашықтардың.

Жазайын ерлігін бабалардың,
Тағдырын қираған қалалардың.
Жазайын көз жасын жетімдердің,
Қасіретін жалғыз басты аналардың.

Жазайын,
Жазбасқа амал бар ма?
Адаспай шындыққа барар жолда.
Жазудан түк емес қалжырасам,
Жазғаным жетсе болды адамдарға.

Жазғанымды ұлыма теліп келдім,
Шабытыма іштегі ерік бердім.
Жазу деген кәсібі даналардың,
Жазу деген ісі емес еріккеннің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не жазамын? өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Не жазамын? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не жазамын? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не жазамын? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері