Ер Махамбет

Бұл бетте «Ер Махамбет» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1184
Махамбеттің еске алсам
Өткен алғаш жылдарын...
Жортуылмен кешкен сан —
Жонын жалпақ Құм — Нарын.
Ту көтере туған ер,
Хан ұлына қас бола,
Оққа қарсы тұрған ер
Қаруын ұстай қасқая.
Қолына қару алғаны —
Қамы емес қара басының.
Қас болды ханға, алғалы
Кегін ел көз жасының...
Құрсанды да, қол жинап —
Жалпақ жатқан Нарыннан,
Жалынды жырын ол жырлап,
Бомбалай атты жарылған.
Жәңгір ханның елге еткен
Зорлығына төзе алмай,—
Шықты аттанып ол кекпен,
Хан — Ордадан көз алмай.
Өмірін елдің бұлт баса
Бұлыңғыр өткен шағы бұл...
Хан — Ордаға оқ шаша
Махамбет салды шабуыл!
Жауса дағы жаңбырдай
Атылып оқ қорғасын.
Атой салды, жалындай
Бұзуға хан ордасын.
Кезі жоқ жаудан іркілген,
Халқының ол батыры,
Екпінінен сілкінген,
Хан үйінің шатыры,
Шошыды хан, қорықты,
Сұмдығы бірақ, жатты алды...
«Тәубеледі...» — торықты,—
Әйтсе дағы, — тапты айла. —
«Жеңілдім» — деп, ерді, хан
Әбжыландай арбады,
Тәжім етіп, енді хан
Толас күтіп, алдады...
Алдады да, күш жиды
Бұлан құйрық түлкідей,
Неге күтті үш күнді...
Керек ед шабу іркілмей,
Қоршады да ерлерді
Хан мен патша жасағы,—
Оқ жаудырып келді енді,
Бұлан-талан жасады:
Бекер сенді хандарға,
Бекер сенді жауына.
Бекер сенді аңдарға,
Шегінді ерлер тары да...
Сабаздарды, амалсыз,—
Ығыстырды қалың қол,
Қорғаныссыз, қамалсыз
Жайында асты салып жол.
Жайықтан да мақтаулы
Басқа пана таппады.
Онда да жау қақпаны,
Ер лажсыз тоқтады...
Тоқтады да күңіреніп,
Туарын күтті алда күн,
Толғана, тоқсан тебіреніп,
Тұрды тістеп бармағын...
Ер аңырды лажсыз,
Кеудесіне кек толып,
Құлшына сермер құлашсыз
Жау қолынан кетті өліп...
Ел бағы үшін ер өлді,
Тебірентіп жер-көкті,
Отанын ердің көр енді,—
Арманына — ел жетті.

1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ер Махамбет өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Ер Махамбет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ер Махамбет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ер Махамбет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері