Шаттық жылы

Бұл бетте «Шаттық жылы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 704
Орнатып ойды, қырды күміс қарға,
Кеудеден кең алдырып тынысты алға,
Жаңа жыл туды қала, даламызға,
Соқтыра заводтарда құрыш балға.
Елдің шат күлкі ұялап миығына,
Беретін бұл жылға әзір сыйлығы да,
Тұр қалғып жазды күткен тоғайлар да,
Жамылып қар күпісін иығына...
Тыңдары Ұзынағаш, Қаскелеңнің,
Ұштаса өлкесіне өскен елдің,—
Қар кетсе-ақ, інжу дәнін шашқалы тұр,
Дәніндей сөзіндегі әр жақсы өлеңнің!
Қаймықпай аяздан да қаңтардағы,
Қыстаған Сарытау құмда отардағы
Түлетіп түліктерін,— жаңа жылды
Қарсы алған бақташы да қатардағы.
Жаңа жыл сәлем беріп бәрімізге,
Сәндете елімізді,
келді бізге!
Басында мерекелі дастарханның
Салалық салтанатты әнімізде!
Жайылып жер жүзіне бір дастархан,
Үстінде жайбарақат нұр дастархан,
Келешек жылдарды әлем бірге көрсін
Делікші: «Күтіп алда тұр дастархан!»
Сүйікті Ұлы Отанды, — елді іргелі
Өрлете түсу үшін өрге ілгері,—
Шалқысын тағы, жаңа жыл жазында —
Тыңда — дән, көлде — толқын мөлдірлері!

1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаттық жылы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Шаттық жылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаттық жылы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаттық жылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері