Кейде – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Кейде» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2023
  • 0
  • 0
  • 737
Кейде, мен
қырық жыны ерен қызыл кәрленген аязға
шыға саламын жалаңбұт… дымқыл жейдемен.
Кейде, мен
періштеше сөйлесіп отырам пендемен.
Күнәм жоқ па?
Қайдаағы… о жағынан да кенде емен.

Кейде,
қаладағы ел-жұртқа
сыпыра сәлем беруге де шығам, ән аңқып.
Кейде, жап-жарық күлкі алып кірем, топ ішіне қараңғы.
Қайғым жоқ па?
Қайдаағы… кейде, сүрте алмай есім шығады сорамды.

Кейде,
иіліп тәжім етем, қыз көрсем дара көрік.
Кейде, шалшық жалдап кетем, ес білмейтін балаға еріп.
Басқа жұмысым жоқ па?
Қайдаағы… кейде, өсіргім де келеді санама өрік.

Кейде,
мезетінде мыйішіндік күңгір Түн,
кәдімгідей қолыммен ұстағым да келеді мұң құртын.
Уақытша өліп, қабірге құлағым да келеді,
сұрағым да келеді хал-жағдайын Аңқыр мен Мүңкірдің.
Есалаңмын ба?
Қайдаағы… әзәзілден де айла ұрлаған жымқырмын.

Кейде,
мендегі шырылдаған Жан — шегірткелермен де жарасымда.
Кейде, қуана қабыл алам антұрғанның жаласын да…
Мен әйтеуір, ел сияқты жосып-босып жүре бергім келмейді,
ас пен дәрет… ханаларының арасында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кейде өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Кейде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кейде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кейде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері