Әке күдігі – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Әке күдігі» атты Айтуар Өтегенов жазған әке туралы өлең берілген.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1218
– Алғашқы махаббатың оянды ма?
– Оянды...
(Қызымның альбомынан)
Алай-дүлей боп кеткені ішімнің,
«Асыл досым өзіңе альбом ұсындым»,–
Деп жазылған көк дәптерді ашып қап,
Ұрыдай-ақ өз-өзімнен қысылдым.
Ашуымды әлде ақылға жеңдірсем,
Әлі сәби, әлі сәби деп жүрсем.
Не болғаның, не болғаның қызым-ау,
Осы бастан біреулерге телмірсең.
– «Махаббатың оянды ма?
– Оянды...»
Жаным, мынау, шырқау емес жай әнді.
Дедім іштей, (не дейін мен не дейін):
«Болсын енді баянды».


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері