Ақ мамық – ұлпа төгілді – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ақ мамық – ұлпа төгілді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 874
Ақ мамық – ұлпа төгілді,
Жасырып жердің сірісін.
Мұң басты бей-жай көңілді,
Ақ сезім әлі тірісің.
Түн қандай тымық,
Салыңқы,
Түзім де шерлі сыңайлы.
Күй кештім, жаным, жабыңқы,
Шерменде жүрек жылайды.
Күздегі кеткен көгілдір,
Көктемде қайта келмейді.
Қайшылық толы
Өмір бұл,
Кеудем бір әнге шөлдейді.
Басылмай кеткен сарығым,
Аңсаумен қалдым қаталап.
Ораласың ба, жарығым?
... Қар жауып кетті апалақ...
Жауапсыз қалған махаббат...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері