Қалжырадым – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қалжырадым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 718
Қалжырадым
Қанжілік боп, қалқам-ау,
«Мен» дегенде қабағың да шалқақ-ау.
Жүрегіме сен орнатқан күмбезді,
Келмей жүр ғой өз қолыммен
Балталау.
Мынау тірлік – қара самар,
Қарасам,
Жиіркенішті,
Сөйте тұра әрі асам.
Жібек шытың желмен ұшып жетер ме,
Биыл қыстан шығуға сол жарасам.
Қу көңілім әр нәрсеге
Боп алаң,
Көріп жүрмін,
Ел көрмеген зобалаң.
Көкіректі баяғыда-ақ паршалап,
Жәудіретіп,
Жанарды алды доғалаң.
Қалдым рас,
Кінәраттан кірәжіп,
Пайда болды аяқ асты бір-ә, жік.
Екі арамыз үзілді де,
Үздіктік,
Қолға түспес жалғайтұғын сірә, жіп.
Ылғал таппай
Көншірліктей ындыным,
Қақтым барып босағасын мұңдының.
Күлге шөгіп өлетұғын ыбрынай,
Қаққа аунатты қасіретің ...
Тынды үнім ...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері