Дала қасиеті – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Дала қасиеті» атты Айтуар Өтегенов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1085
Дала,
Дала!
Неткен ыстық осы есім,
Бал бақыттың, думан тойдың көшесін,
Көргің келсе,
О шеті мен бұ шетін,
Тауларды асып, теңіздерді кешесің.
Дала,
Дала!
Шахталар мен заводттар,
Құс жолындай шоғырланған сан оттар.
Зіркілдеген ауыр- ауыр составтар,
Дәуір жүгін алға сүйреп баратқан.
Дала,
Дала!
Желбіреген көп тулар,
Жігіт-қызы арман қуған, бақ қуған.
Үлбіреген қырқа толы қызғалдақ,
Сусыл қағып, ұшып өткен аққулар.
Дала,
Дала!
Шұғыласы мол таңдар,
(Миллиард пұт сияр қамба-қалтаң бар).
Маңғыстауға мұнара боп шаншылып,
Аспанға атқан фонтандар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала қасиеті өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Дала қасиеті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала қасиеті өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала қасиеті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері