Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға? – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға?» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2478
– Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға?
– Себебі сен, туып өстің далада.
– Жұлдыз болып аққым келер, жан аға?
– Жұлдыз – сәуле құйып өстің санаңа.
– Қырандарша қанатымды қақсам деймін, жан аға?
– Биіктерге ұмтылу тән балаға.
– Жүрегіме алау отын жақсам деймін, жан аға?
– Ошақ шоғын көріп өстің далада.
– Раушан гүлдер таққым келер, жан аға?
– Қызғалдақтар теріп өстің далада.
– Ақ жанымды қонағыма жайып салам, жан аға?
– Бір сен емес,
Бәріде сол, туған ұлдың далада.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға? өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұлпар мініп шапқым келер, жан аға? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері