Сен — менің Шаһаризадамсың

Бұл бетте «Сен — менің Шаһаризадамсың» атты Айтуар Өтегенов жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1122
– Бұл сырды айтам жүрегімнің үнімен,
Сезім отқа өртенердің бірі мен.
Білсең жаным,
Шаһаризадамсың, сен менің,
Ғажап-ғажап сыр шертетін түнімен.
Таптым сені, табарымды біліп ем,
Бүршік атқан алма бақтың гүлінен.
Әумесерлеу, бірақ адал жанымды,
Аялашы шын ғашықтың тілімен.
Жұмбағына бұл өмірдің кімнің жеткен зейіні,
Тұп-тұнық деп ұғынамын маған деген пейілің.
Менен асқан бақытты адам болмас жердің бетінде,
«Мәртебелі Патшам, десең күліп қана, –Ей, Ұлы!»...
–Ей, Ұлы, Бақытты Патшам!
Болып шықпай жол торитын қарақшым,
Болып шықпай шарапшыл,
Болсаң егер тәңірім.
/Ер әйелге болу керек тәңірі/
Ал тәңірдің екі етілмес әмірі.
Айтсаң болды
Арманыңды алып ұшар алысқа,
Құсың болам – Самұрық.
Гауһар тасты жүзік ек...
Тақпақ болған ер жігіттің жүзі кеп.
Сол гауһардың иесі сен, өзіңе
Шаһаризададан артық етем қызмет.
Тек қана...
Бақыт үркек ұшып кетер қона алмай,
Қонбаған соң мұң ұялар жанарға-ай.
Көп әйелдер Шаһаризада бола алмай,
Көп еркектер Әмір – Патша бола алмай.
Өз патшасын тапқан ханым бақытты,
Қарақшыға тоналмай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен — менің Шаһаризадамсың өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Сен — менің Шаһаризадамсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен — менің Шаһаризадамсың өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сен — менің Шаһаризадамсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері