Үйленген досқа – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Үйленген досқа» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2121
Бара қалсам үйіне мен, әзіл айтпай тұрмас көп,
Бара қалсам үйіне мен, қарсы алатын құрдас деп.
Ақ көңілі жұбайлардың ақтарылмай қалды ма,
Тамағы да, шарабы да дайын тұрар алдамда.
«Түссем-ау, деп, тойыңа бір, келген сайын ойдамын,
Үйленесің енді қашан, жалғыз басты бойдағым.
Біздер құсап қосылып ап (әзіліміз десек те),
Жатпайсың ба тыныш тауып, дөңбекшімей төсекте».
Дейді де ол наз айтқандай, нәркес көзбен арайлы,
Шаттанып кеп, күлімсіреп жан досыма қарайды.
Қызығамын осы бір сәт жарастыққа, наздыққа,
(Бізде сәулем хат арқылы, талай назды жаздық та).
Жас жұбайлар, ылғида алдан күн күлетін болсыншы,
Жүректерің қуанышқа, шын бақытқа толсыншы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері