Түспейді жазсам жазу қара тасқа – Сұлтанмахмұт Торайғыров

Бұл бетте «Түспейді жазсам жазу қара тасқа» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 1
  • 11773
Түспейді жазсам жазу қара тасқа
Ауырлық түсті биыл біздің басқа.
Биенің құлынындай жарасушы ем,
Айрылдым мен әкемнен жеті жаста.

Не жаздым жеті жаста жылатқандай,
Көз жасты дария етіп бұлатқандай.
Мейілі бұл жылаудан өлсем-дағы
Кімім бар басым сүйеп уатқандай!


Пікірлер (1)

Айсулу

Оте кушти мен озим Осы акынды жаксы корем

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері