Жалбыз туралы жыр – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Жалбыз туралы жыр» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2372
Екеуміз сол көктемді сағынармыз,
Сағыныш – сары бояу, қанығармыз.
Сарыөзек сайға шығып, қайда құрып
Кетті екен, қаймағы іріп сары жалбыз?
Қаймақтай қайран жалбыз көз суырып,
Көп еді соған құмар ессіз үміт.
Әрлі еді, әсерлі еді, әдемі еді,
Мен содан аман қалдым тез суынып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері