Адамның кейбір кездері
Бұл бетте «Адамның кейбір кездері» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса;
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлыттан ашылса.
Сылдырлап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өз ішін
Тұра алмас әсте жуынбай.
Тәңірінің күні жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Қуатты ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.
Сонда ақын белін буынып,
Алды-артына қаранар.
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар.
Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан, зұлымға,
Шиыршық атар, толғанар.
Әділет пен ақылға
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірсе алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сыя, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл.
Адамзаттың Абайы көңілінің сарайы өлең
Өтініш Адамзаттың Абайы,көңілдің сарайы туралы 1шумақ қлең шығарып беріңдерш
Ертенге дейін пжжпжпжпжпжпжпж
Адамзаттын Абайы конилдин сарайы
Абай атам кудиретти бар омирде
Жаксылыкка жастар бой урсын деген
Кара создери бар Абай атанын
Жаксы менен жаманды айыра билетин бул омирде
Жаксы исти тандап жол нускайтын
Абай ата Кара создери бул омирде
Керемет
Өте керемет
Адамзаттын абайы конилдин сарайы деген соз тиркестерин пайдаланып 1 шумак олен шыгарып бериндерш дал казир отнем
Өте жақсы өлең
Абай құнанбайұлы ның көбісі білмитін өлеңдерін шығарыңышшы
Әсел деген есім нің мағнасы балдаи тәтті деген мағна
Ггггггг
өлең өте әсерлі ұнады мағыналы
Абайдың "Адамның кейбір кездері" өлеңі – ұлы ақынның адам жанының терең толғаныстарын суреттеген тағы бір кемел туындысы. Өлеңдегі әрбір жол адамның ішкі жан дүниесіндегі құбылыстарды, көңіл-күйдің алуан түрлілігін шеберлікпен бейнелеген. Абайдың қарапайым тілмен терең философиялық ойды жеткізу шеберлігі тағы да көрініп тұр.