Есалаң өлең – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Есалаң өлең» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 798
...Сонадай жерде
Күркілдеп бара жатқан
Нән бір тракторды
Құтырған ит келіп
Бір қауып өткені.
Сол кезде
Байғұс трактор
Басына ие бола алмай
Дарылдап, парылдап
Жынданып кеткені...
Апыр-ай,
Құдайдың атқаны-ай:
Үп еткен желі жоқ
Тып-тыныш күні
Әне бір қос ағаштың
Бір-бірінің
Шашын жұлып,
Бір-бірін
Сабалап жатқаны-ай...
Көріп тұрмын
Бір сұр тышқан
Бүкіл әлемге
Көктөбенің үстіндегі
Алып мұнараға
Шығып қарады...
Кран біткендер
Шәңгектерімен
Іліп ап
Лақтырғысы кеп
Бір-бірін
Қуып барады...
Қаладан безініп
Далаға шығып ем,
Үйір- үйір жылқыларды
Шашау шығармай
Ақырып жинаған
Есек бастап тұр...
Төбе басында
Семіз бір шошқа
Кесек- кесек
Алтын асап,
Күмістен
Тезек тастап тұр...
Есалаң әлем бұл —
Есалаң өлең бұл...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есалаң өлең өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Есалаң өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есалаң өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Есалаң өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері