Адам өлтiрген адамды іздеу

Бұл бетте «Адам өлтiрген адамды іздеу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 546
Адам өлтiрген адам
Табылмады.
Iздеушiлер де,
Iз кесушiер де
Өтiрiк-шыны аралас
Барын салды.
Бәрiбiр табылмады.
Бу болып
Аспанға ұшып кеткендей,
Тас болып
Суға түсiп кеткендей,
Жоқ! Жоқ! Жоқ!
Қаратаудың қуыс-қуысын
Ашып қарады;
Алатаудың
Тасы мен жартастарын
Олай-бұлай лақтырып
Шашып қарады;
Арқырап жатқан
Атырау толқындарының
Бүктеулерiн
Матадай жазып қарады;
Жерге кiрiп кеттi дедi ме -
Сарыарқаның арқасын
Бұрқыратып ! -
Қазып қарады!
Табылмады!
Олар ендi
Аспанда жөңкiп көшкен
Бұлттарды ақтарып жатыр.
... Көздерiнде қауiп бар:
Бәрiн көрiп тұрған
Алла тағала
Жасын-оғымен
Жайратып сала ма деп
Ақтарып жатып
Сақтанып жатыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам өлтiрген адамды іздеу өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Адам өлтiрген адамды іздеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам өлтiрген адамды іздеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам өлтiрген адамды іздеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері