Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2152
Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау,
Бұғалықты сүйретсе.
Бұрқырап кеп көк шалғынға құласа-ау,
Қарғып мініп жылқышы,
Бас білдіріп үйретсе.
Тақымында ойнақтатса, билетсе –
Дала қаным тулайды.
Алқа топта шырқап тұрып бір жігіт,
Домбырамен жыр ессе.
Қолпаштаса оны өзгелер дүрлігіп,
Сосын шығып күрессе.
Өшіргендей бәстесінің ай-күнін,
Бас жүлдесін алып жатса бәйгінің,
Дала қаным тулайды.
Шауып шығып, жолаушыны соқпаған,
Намысымен азаматтық, кісілік.
Жатқан болса өз үйіне түсіріп.
Құдайындай сыйлап әлгі қонағын,
Айтып жатса өкпе-назын, талабын.
Дала қаным тулайды.
Ал далада отсыз адам тумайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шұрқырап кеп тоқпақ жалды бір асау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері